Жаңалықтар Жергілікті

АНТ ЕТПЕСІН!

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында көмек бермеуге ант етпесін! Ғапу етіп, кешірсін! Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді»- деген. Яки, көмек көрсетіп жүрген жандармен ренжісіп қалсаңыз да, жәрдемдесуден бас тартпау керек, себебі Хақ Тағала сауаптың үзілмеуін қалайды.

Айша р.а. анамызға туысы тарапынан жала жабылғанда, оны білген әкесі Әбу-Бәкір Сыддық р.а бауырымен байланысын үзбек болады. Сонда Алладан аят түсіп, көмектесуді тоқтатпауға бұйрық беріледі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у кім ризық-несібесінің көбеюін қаласа, туыстармен қатынасын түзеуді өсиет еткен. Жалпы айтқанда Алла Тағала сараңдарды сүймейді, жомарттарды жақсы көреді.

Хантағыдағы “Әли Бекен” мешітінде тұрмысы төмен 10 отбасыға қайырымдылық жасалып, 20 мың теңгеден үлестірілді. Сондай-ақ, көп балалы, жетім-жесір, жалғызілікті қарты бар 20 жанұяға азық-түлік таратылды.

Мешіт имамы Бақытжан Мырзабаев демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, бақ-береке, қайырын Берсін!

Кентау қалалық орталық мешіті

Пікір жазу