Жаңалықтар Жергілікті

Анасы бар адамдар – ешқашан қартаймайды

Бабаларымыз сақтандырса да, әке тұрып – ұл, шеше тұрып – қыз сөйлейтін кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Кей жастардың азғындауы ұлттық тәрбиенің жоқтығынан. Қазақ ұлын отыз, қызын қырық үйден тиыммен өсірген. Қазір өз басынан сөз асырмайтын, ата-анасынан аттап кететін жастар жетерлік.

Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіне қарасты “Құрбан қожа” мешітінің ұстазы Балжан Мейірбекова Дербісектегі “Елшібек батыр” мектебінде сұхбатқа қатысты. Ашық сабақ ретінде өткен кездесу “Анасы бар адамдар- ешқашан қартаймайды” тақырыбына арналды.

Ата-ананы құрметтеу, қыз тәрбиесі, ана мен қыз арасындағы қарым-қатынас сөз болды. Ұстаз өз өмірінен алған сабақтарды мысалға келтіріп, ақыл-кеңесін айтты.

Шариғат пен салт-дәстүрді ұштастырып Абайдың әжесі Зерені, Шоқанның анасы Айғанымды, Хадиша, Айша аналарымызды үлгі тұтып, қыздарды инабаттылыққа, ізеттілікке, имандылыққа және білімді болуға шақырды.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу