Жаңалықтар Жергілікті

АМАНАТТАП…

Х Республикалық Құран жарысы Түркістан төрінде дүркіреп өтті. Демеуші нақты болса да, ұйымдастыру жұмыстарына Мүфтияттың жауапты мамандары, өкілдік қызметкерлері мен аудан-қала имамдары түгел жұмылдырылды.

Дайындық екі ай бойы жүріп, жарыс екі-ақ күнде өтті де кетті. Жарыстың өтуіне атсалысқан азаматтарға ҚМДБ Төрағасы ризашылығын білдірді.

Бұған қоса алғыс хат табысталды. ҚМДБ бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков облыс имамына Бас Мүфтидің сәлемдемелерін аманаттап, өкілдік пен аудан-қала имамдарына алғыс айтты.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов аудан-қала имамдарына өз қолымен аманатты арнайы табыстайтын жеткізді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу