Жаңалықтар Жергілікті

Амал күні амалмен…

Түркістан облысында Наурыз тойға шейін əр күннің өз атауы белгіленді. Игілікті шаралардан облыс мешіттері де шет қалып жатқан жоқ.

Амал күндерінің бүгінгі амалы – құрбандыққа мал шалу, марқұмдарға Құран бағыштау, мешіттер мен мазараттарда тазалық жүргізу. Осыған орай Отырар аудандық орталық “Арыстан баба” мешіті мен кесенесінде тазалық өтті.

Құрбандыққа қой шалынып, көктем берекелі, жыл жақсылықты болсын деген ниетпен көпшілікке шүкіршілік дастарханы жайылды. Жамағат арқа-жарқа боп көрісіп, əңгіме-дүкен құрысты.

Имамдар Таң намазының уақытында Наурыз тойы мен “Амал” күнінің мəнісін жамағатқа түсіндіріп өтті. Адал астан қазан асылып, ауызбіршілікті арттыратын бұл үрдістің шариғатқа қайшылығы жоқтығын айтты.


Отырар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу