Жаңалықтар Жергілікті

ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанның рухани түлеуі мен қайырымдылық шараларының бәрінде имамдардың еңбегі зор. Игілікті істерге ұйытқы болып, ұйымдастыра білу де бір өнер.

Ол үшін елді өзіне қарата білетін қабілет пен имандылыққа, сауапты істерге тарта білетін қасиет керек. Жүсіпбек Қасымбековты жергілікті жұртшылық қарапайым адам, жанашыр имам ретінде сыйлайды.

Бүгін облыс орталығының Бас имамы “Қазақстан Конституциясына 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. Марапатты Түркістан қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Бөкебаев өз қолымен тапсырды.

Жүсіпбек Қасымбеков бұл бір өзіне емес, қала имамдары мен жамағаттардың баршасына көрсетілген құрмет екенін айтты. Әкімдікке әріптестерінің атынан ризашылығын білдірді.

Түркістан қаласының Бас имамы Жүсіпбек Қасымбековты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Алла Тағала дін қызметін абыроймен атқаруды нәсіп Етсін, сауаптан Жазсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу