Жаңалықтар Жергілікті

АЛҒЫС АЙТА БІЛДІ…

Бұрынғының билеушілері мүфти, имам, молдалармен ақылдаспай іс қылмаған. Өйткені шариғат шартын ұстанған.

Ал, дін ешкімге жамандық үйретпейді. Керісінше, тек жақсылыққа жетелейді.

Кезінде қазылық еткен имамдарды қазір екінің бірі тыңдай бермейді. Бұған бір қарын майды шіріткен дүмшелер кінәлі.

Шынтуайтында, имамдардың ел мен жердің бүтіндігі, тыныштығы мен амандығы үшін, халықтың қайырлы өмір сүруі үшін күндіз-түні дұға етіп, игілік үшін Құран хатым түсіріп, имандылыққа шақыруы нағыз еңбек. Алла Тағала қасиетті Құранда олардың жай дін насихатшысы екенін, адамзатты тек Өзі тура жолға салатынын ескерткен.

Соған қарамастан “әр қазақ менің жалғызым” деп бағалап, Жаратқан Жаббар Иемізден жалпақ жұртқа жарылқау тілеп жүреді. Түптеп келгенде олар да осы елдің қарапайым азаматтары.

Дін қызметі екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Алла Тағала кімге жақсылық қаласа соны ғана дініне жақын етеді.

“Адамдарға алғыс айта білмеген, Аллаға шүкіршілік ете білмейді” деген. Қоғам тұрақтылығы мен ынтымағы үшін сіңіріп жүрген еңбектерін ешкім жоққа шығара алмайды.

Кентау қаласының 15 имамы әкімнің алғыс хатымен марапатталды. Шаһардың бас имамы Ғалымжан Айекеев баршасына ризашылығын білдірді.

Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қазақ елі өркендей берсін!

Кентау қалалық орталық мешіті

Пікір жазу