Жаңалықтар Жергілікті

АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУ…

Мақтааралда ауданның су жаңа бас имамының ұйымдастыруымен алғашқы семинар өтті. Оған ауыл имамдарымен қатар “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” Жетісай, Мақтаарал аудандарының теологтары да қатысты.

ЖАНТ пен АТК бойынша ақсап жатқан ауданда қордаланған мәселе көп. ҚМДБ-ның 4 бағытын жандандыру қажеттілігі талқыланды.

Сондай-ақ, имамдардың әдебі, атқарылған жұмыстың есебі, қаржылық ашықтық жайы сөз болды. Апта сайын есеп беру өкілдіктің тікелей тапсырмасы болғандықтан орындау шарт екені ескертілді.

Намаз уақыттарында мешітте болу және бесін, құптан уағыздарын тұрақты айту тапсырылды. Бұдан былай теолог-мамандармен бірлесе жүргізілмек.

Бауыржан Паташов әріптестеріне сенім білдірді. Ауыл имамдары Бас имамға сәттілік тіледі.

Мақтаарал аудандықорталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу