Жаңалықтар Жергілікті

АЙТТЫҚ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у бір-бірімізді сыйлық беріп қуантуға шақырған. Сыйлыққа қуанбайтын жан жоқ шығар.

Қасиетті Құрбан айтта ағайын-туысты құттықтап қана қоймай, жоқ-жітіктерді де еске алып есіркеген жөн. Өйткені Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у бір хадисінде жетім-жесір мен қаріп-қасерлермен қарым-қатынастың қайырлы екенін ескерткен.

“Нұр-Жетісай” мешітінің имамы Абдурахман Нұрматовтың ұйымдастыруымен 13 отбасыға айттық сыйлық тарту етілді. Жамағаттың жиған жылуымен қосымша 20 мың теңгеден қаржылай көмек берілді.

Биыл құрбан шалу да, құттықтау да онлайн өтіп жатыр. Десе де бұл қашықтық жүрек жылуын суытпауы, адамзат арасын алыстатпауы тиіс.

Бір адамды қуанту үшін кейде жылы сөз де жеткілікті. Алла Тағала мешіт жамағатына берекесін Берсін!


Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу