Жаңалықтар Жергілікті

АЙТА БІЛДІ…

Жақсылық жасаған адамдарға алғыс айта білу – шүкіршіліктің белгісі. Бұл шариғат шарты.

Жетісайға іс-сапармен барған облыс имамы қайырымдылық іс-шараларына атсалысып жүрген азаматтарға алғыс айта білді. Еркебұлан Қарақұлов жомарттарға алғыс хат та табыстады.

“Нұр-Жетісай” мешітінің жамағатымен жүздесті. Ихсан ілімі, рухани тәрбие, діни оңалту төңірегінде тілдесті.

Сондай-ақ, Еркебұлан Ыбрайымұлы аталмыш мешіттің бас имамын тағайындауға қатысты. Бұл орынға Нұрбек Жүнісов лайық деп танылып, бұрынғы имамы Бектемір Сейдаманов наиб боп қалды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов әріптестеріне сәттілік тіледі. Алла Тағала жәрдем Етсін!

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу