Жаңалықтар Жергілікті

АЙТ НАМАЗЫНЫҢ ОРНЫНА ОҚИСЫЗ…

Айт намазы – жамағат боп мешітте оқылатын намаз. Үйде жеке оқуға тиым салынған.

Биылғы ораза айтында үйде отыруға мәжбүр болғандықтан, айт намазының орнына “дұха” намазын оқуға болады. Оны оқу тәртібін Мүфтияттың YouTube желісіндегі арнасында имамдар көрсетеді.

Мешіттер жабық болса да, пітір садақасын таңға дейін беруді ұмытпаңыздар. Пітір қазасы мойыннан түскені былай тұрсын, қарызы өтелмейтін – жан садақасы.

Сарыағаш ауданының имамдарымен онлайн мәжіліс өтті. Айт намазының мәселесі айтылды.

Ауданның Бас имамы Тұрлыбек Төлебек мешіттерде карантин режимінің талаптарын сақтау керектігін атап өтті. Жамағаттарды сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ауданда 90 мешіт бар. Сарыағаш жамағаттары көп ауданның бірі.

Сарыағаштықтарды Ораза айтымен құттықтаймыз. Алла Тағала амалдарыңызды қабыл Етсін!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу