2.6 C
Turkestan
Жексенбі / 20 Қаңтар 2019 / 14 Джумада әл-әууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 20 Қаңтар 2019 / 14 Джумада әл-әууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Адамға иман, ораза, намаздан соң, бірлік сақтау – міндет

  • Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Жұма уағызы татулық пен бірлік тақырыбына арналды. Түркістандық жамағатқа ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау қажы Əділбаев насихат айтып, халықтың бекем бірлігі үшін Алладан алатын сауабын жеткізіп қуантты.

Мұсылманға иман, ораза, намаздан кейін бірлік міндет. Бірлік бар жерде береке болады. Ұрыс болған жерден несібе қашады.

Пайғамбарымыз с.а.у даудан іргесін аулақ салған. Заманында татулықты сақтап қалу үшін өзінің атын өшіре салуға келісімін берген кезі де болған. Бұл Пайғамбарымыздың с.а.у жанжал атаулыдан сақтануымыз үшін үлгіге аларлық амалы.

Талай нəубетті басынан өткерген халқымыз азаттыққа тасаттық емес, жан қиярлық ерлігі мен бірлігінің арқасында жеткен. Тарыдай шашылған ұлт пен ұлыс бір тудың астына бірігіп хандық құрып, жауын жеңді. Сондықтан ынтымақтың қадір-қасиетін біледі.

Алла Тағала бүлікшілерді сүймейді. Қандай болмасын бүлік қоғам жəне тіршілік үшін қауіпті. Ал, шу шыққан жерде қара суды қайғысыз сіміру мұңға айналар.

Бас Мүфтидің орынбасары жамағатқа татулық пен бірлік жайлы аят жəне хадистермен негіздеп, əсерлі əңгімелеп берді. Ғалым-ұстаз лық толы жамағатпен бірге Жұма намазын оқыды. Құлшылық соңынан марқұмдарға Құран бағышталып, ел мен жер үшін көпшілік дұға етті.

Ел аман, жұрт тыныш болсын!

 

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық делегация Мысырда

Yassi.kz

Спорт – діни экстремизмге қарсы

Yassi.kz

Жеті жақсылық жалғасын тапты

Yassi.kz

Пікір қалдыру