Жаңалықтар Жергілікті

ҚАБЫЛДАНДЫ…

Есеп те аяқталып келеді. Бір күнінің өткеніне мәз болмай, Рахманның разылығы үшін дінге аянбай қызмет етіп жүргендер, есептерін өз еңбегіне сеніп тапсырды.

Кентауда 11 мешіт бар. 11 имамның алтауы жоғары білімді, төртеуі орта арнаулы, біреуі оқып жатыр.

Мешіт құжаттары қайта тіркеуден өткен. ДСАК, әйел-қыздар секторы жоспарға сәйкес жұмыс істеп келеді.

ЖАНТ бойынша Кентау алдағы үштіктің қатарында. Зекет және қайырымдылық, жастар ісі, халал даму көрсеткіштері жоғары.

Киім үлгісі талапқа сай. Тұлғалық келбеттері де имам деген атқа лайық.

Қала имамдарының есебі түгел қабылданды. Жолаушылар бөлмесін ашуға Ащысай ауылдық мешіті таңдалды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов “Құсшы ата” және “Хантағы” мешіттеріне арнайы баратынын айтты. Ауыспалы уағыз кестесін түзу тапсырылды.

Ихсан ілімі, дін мен дәстүр бағытына жауапты имам бекітілді. Облыстың наиб имамы Самат Анарбаев өз ойымен бөлісті.

Еркебұлан Ыбрайымұлы имамдарға ризашылығын білдірді. Қала имамы Ғалымжан Айекеев ҚМБД Төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Кентау қалалық орталық мешіті

Пікір жазу