Жаңалықтар Жергілікті

Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

700-ден астам студентті тегін жатақхана, үш мезіл тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов та жұрттан қалыспай, арыстықтардан көмегін аянып қалмады. Ауыр жүк көлігін толтырып азық-түлік пен қауын-қарбыз бен мал әкелді.

Бір қиындықтан кейін Жаратқан Жаббар Иеміздің жеңілдіктері жетеді. Сабыр етсек, бұл сынақ та өтіп кетеді.

Абдуғаппар Сманов арыстықтармен емен-жарқын ұзақ әңгімелесті. Ақсақалдар ұстазды қимай қалды.

Қиындықта көңіл сұрап, көмек көрсетіп жатқан көпшілікке арыстықтар ризашылықтарын білдірді. Абдуғаппар ұстаз халыққа дұға етіп, тарқасты.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы үш мешітте апатты аумақтан көшірілген адамдар қоныстады. Олардың алғашқы легін жергілікті атқарушы билік өз қамқорлықтарына алып кетті.

Сарыағаш медресе-колледжінің көмегі Жылға және Шеңгелді ауылындағы арыстықтарға жөнелтілді. Алла Тағала разы болсын!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу