Жаңалықтар Жергілікті

АҒЫМДАҒЫЛАР АЯҚ ТАРТАДЫ

Ілім иелері бар жерде ағымдағылар аяқ тартады. Жалпы білім алу – бәріне парыз.

Мешіттер тұрғанда сенімнен адасу – күнә. Өйткені ілімді әлеуметтік желідегі немесе көшеде аңдыған білмейтіндерден үйренеді.

Халықты рухани адасу, радикалданудан сақтандыру үшін мешіттерде діни сауат ашу курстары жұмыс істеп тұр. Арнайы қарилар даярлайтын орталықтар ашу талабы қойылған.

Облыста қайырымдылық мекемесінің тағы бірі Жетісайдағы “Ат-Тақуа” мешітінің жанынан бой көтерді. Пайдалануға берілген ғимараттың ашылу салтанатына аудан имамы қатысты.

Бекзат Сыздықов игі істі ұйымдастырған мешіт имамы Бектемір Сейдаманов пен жүзеге асырған жамағат, кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Өз қолымен алғыс хат табыстады.

Діни сауат ашу курсына шәкірттерді оқуға шақырамыз. Сауапты іске атсалысқан азаматтардың баршасына Рахман Иеміз разы болсын!

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу