29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Ұлы даланың жеті қыры: Түркі әлемінің бесігі – Түркістан

 

Елбасының бұл бастамасы ұлы даланың ұлттық рухын оятып, ұмытылыған құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Тарихымызда расында да ұялатын тұсы жоқ. Қазақтың тағылымды тағдырын таныту керек.

Қазақстан – бүкіл түркі әлемінің рухани бесігі. Президенттің Түркістан облысын құруы көне шаһардың мерейін өсіре түсті. Руханиятты жаңғыртуға күш салу міндет.

Түркістан облыстық «Қожа Ахмет Яссауи» мешітінде «Ұлы даланың жеті қыры: Түркі әлемінің бесігі – Түркістан» атты семинар өтіп жатыр. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев арнайы қатысты.

Қожа Ахмет Яссауи дүниесін толық тануымыз керек. Халқымыз дараларымызды тек қана аңыз әңгіме ретінде танып отыр.

Ал, Түркістан топырағында сүйегі жатқан рухты бабаларымыздың тұлғалық келбетімен қатар, елге және дінге сіңірген еңбектерін елге жеткізу дін қызметкелерінің еншісіндегі жұмыс екенін айтты, Мəлік Отарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігімен біргелікте атқарылатын жұмыстар жоспарын таныстырды. Және әкімдік тарапынан дін қызметкерлеріне әрдайым қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Түркістан облысын рухани түлетуге зор үлес қосуға шақырып, сенім білдірді. Осындай семинарларды тоқсан сайын өткізу ұсынылды.

 

Түркістан облыстың мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру