29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Түркістан: Дін мен дəстүр қайшы емес…

“Дəстүрдің озығы бар, тозығы бар”. Бабаларымыз бұл сөзді заман жаңарған сайын, дəстүрдің де өзгеріске ұшырайтынын меңзесе керек.

Өйткені Құранның соңындағы аяттарға қарағанда басында үкімін жойғандары бар. Сол сияқты Пайғамбарымыздың с.а.у көзінің тірісінде өзі өмір сүрген кезеңде айтқан көптеген хадистерді қазіргі заманда қолдануға сай келмейтінін ескерткен.

Атам заманда айтқан нағыз дүмше молдалар енді пайда болып, ел ішінде іріткі салып жүр. Халқымыз ұстанған дəстүрді де, дінді теріске шығарып шыға келді, өз көгенкөздеріміз.

Бала дүниеге келгенде істейтін əдет-ғұрыптың бəрі де шариғатқа сай. Мысалы нəрестеге азан шақырып ат қою, шаш-тырнағын алу, күнделікті шомылдырудың дінге еш қайшылығы жоқ.

Өйткені дін ислам – тазалықты талап етеді. Ал аталған рәсімдер гигиена сақтауға арналған. Сондықтан теріске шығару – қисынсыз.

Түркістан қалалық “Хилует” мешітінде дəстүр мен діннің сабақтастығы жөнінде насихат айтылды. “Əл-Кəусар” мешітінің имамы Табын Мұқамедсали жамағатқа бүге-шүгесіне шейін түсіндіріп берді.

Жергілікті ақпараттық-насихат тобы шаһардағы жамағаты
ала-құла сенімдегі мешіттерде жиі-жиі уағыз айтатын болады. “Яссы” мешітінің бас имамы жуырда жат ағымдағы бір адамның вахабистік көзқарастан кері қайтарылғанын айтты. Берік Дəриевтің тəжірибесіне сүйенсек үгіт-насихат күшейтілсе, екі ортада адасып жүргендердің ақидасын түзеу оңай болады екен.

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру