Жаңалықтар Жергілікті

5 БАЛАҒА 5 БӨЛМЕЛІ ҮЙ СЫЙЛАДЫ…

Үйлену оңай болғанымен, көп жағдайда үй болу қиын. Баспана бағасы қымбаттаған сайын қол жетімсіз боп барады.

Үйсіз-күйсіз өмір сүріп жатқан отбасылардың нақты есебі жоқ. Жерлесінің жай-күйін ауылдасы біледі.

Негізінде шариғат баланы ата-анасына, ағайынды туысқа, досты досқа, көршіні айналасына қарайласуға бұйырған. Ауылда біреу қиналып жүргенде, өзгенің шалқығанынан қайыр шамалы.

Алла Тағала бір-біріне көмектесетін жандарды жақсы көреді. Сондай-ақ, ысырапшылдықты сүймейді.

Соңғы кездері той-думан көбейіп кеткен еді. Оның арасында шариғат құптарлығынан құптамайтыны көп.

Жыл сайын мектеп бітіру мен бітіріп кеткен түлектердің пәлен жылдықтарын тойлауға шығындалып жатамыз. Бас қоспақ керек-ақ, егер де сауапты болса.

Енді-енді ондай тойлардан бас тартып, қаражаттарын ізгілікке жұмсайтын жақсылар көбейіп келеді. Түлкібаста бір игі дәстүр кәдеге жарап жатыр.

Абай атындағы мектептің түлектері үш жылдан бері “соңғы қоңырау” қарсаңында мұқтаждарға баспана тарту етеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, 5 балалы отбасыға 5 бөлмелі үй сыйлады.

Мектепті 1998-ші жылы бітірген түлектер бастаған эстафета биыл 2001 жылы бітіргендерге табысталды. Жаңа қоныс иелеріне “құтты болсын” айтушылармен бірге ауданның Бас имамы Мағаз Серік те барды.

Үй сыйлаған азаматтарға жақсылық жасаудың сауабы жайлы насихат айтты. Алла Тағала баршасына разы Болсын!

Түлкібас аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу