Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: 4 БӨЛМЕЛІ ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Гүлмира Сейілбекованың қолына қараған 5 баласы бар. Жалғызбасты ана жалғызжарым шиеттей балаларымен пәтер жалдап күнелткен.

Бүгін бұл көп балалы отбасы үшін керемет күн болды. “Асқар-Тау” шаруа қожалығының төрағасы Асқар Оразханұлы 5 балалы Гүлнар Сейілбековаға 4 бөлмелі үй сыйлады.

Үй мектепке де, бала-бақшаға да, спорт алаңшасына да жақын жерден арнайы таңдалып алынды. Кәсіпкер “Ел үлесі – пәтерге” акциясының аясында берілген баспанаға зекет қаржысын жұмсады.

Қоныс иелеріне үй кілтін тапсыру рәсіміне облыс имамы Мұсабек Ақтамберді, аудан әкімінің орынбасары мен игі жақсылары қатысты. Гүлмира Сейілбекова “құтты болсын” айта келген меймандардың баршасына алғыс айтты.

Айта кетейік, бұл “Ел үлесі – пәтерге” акциясының аясында бұйырған 244-баспана. Бір аптада Түркістан облысы бойынша 4-үй шын мұқтаждарға берілген.

Бәйдібек ауданының бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлының ұйымдастыруымен кәсіпкерлердің зекет төлемі бір отбасын баспаналы етуге тартылуда. Бұл жыл басынан бері ауданда берілген 3-үй.

Кім біреудің мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала сол жанның қажетін Береді! Рахман Иеміз көп баланы кейуананы қуантқан Асқар Оразханұлының кәсібіне берекесін Берсін!

Бәйдібек аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу