Жаңалықтар Жергілікті

30 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ (ФОТО)

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыған орай Түркістанда қала имамдарының ұйымдастыруымен кіші футболдан облыстық турнир өтті.

Ойынға барлық ауданнан тек дін қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов ойыншыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Қызықты әрі тартысты өткен ойында:

Сауран ауданы – 1-орын,

Түркістан қаласы – 2-орын,

Келес ауданы 3-орын алды.

Түркістандықтар қонақжайлылық танытып, саурандық әріптестеріне бірінші орынды таласпай-ақ бере салды. Сөйтіп өздері екінші боп қалды.

Қаланың бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы демеушілер мен имамдарға алғыс айтты. Ынтымақ ойыны тағы да жалғасады.

Пікір жазу