Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

3 МЫҢДАЙ ОТБАСЫҒА ТАЙҚАЗАННАН ТАРТУ БҰЙЫРДЫ

ҚМДБ бастамасымен ел бойынша “Тайқазан” қайырымдылық іс-шарасы өтіп жатыр. Марафонды Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ашып берді.

Өңірлер Мүфтиятпен онлайн байланысқа шығып, “Зекет” қорының төрағасы Талғат Омаров дайындық барысын баяндады. Түркістан облысының мешіттерінен 3 мыңдай отбасыға тайқазаннан тарту-таралғы таратылды.

Азық-түлік салынған әр қораптың құны 10 мың теңге тұрады. Бұдан бөлек кей аудандарда 3-4 келі ет қоса берілді.

Облыстық мешіттен – 300;                            Түркістан қаласы – 270;                                    Отырар ауданы – 50,
Арыс қаласы – 54;

Бәйдібек ауданы – 50;                                      Жетісай ауданы – 250;
Мақтаарал ауданы – 310;
Шардара ауданы – 75;
Қазығұрт ауданы – 200;
Келес – 210;

Сарыағаш – 495;
Төлеби – 200;
Түлкібас – 110;
Сайрам – 120;
Созақ – 90;
Кентау – 150 отбасыға азық-түлік пен қаржылай да үлестірілді.

Әр қорапта ұн, май, тұз, қант, шай, томат пастасы, тосап, макарон, күріш, қарақұмық, ноқат, ет және т.б шаруашылық заттары бар. Қаржылай таратылған мешіттерде 10 мың теңгеден берілген.

Біраз бұрын облыс бойынша 1561 отбасыға жылу жинау жоспарланған еді. Көпшіліктің көмегімен бұл сан екі есе өсіп, 3 мыңнан астам отбасыға жетті.

Бұл нақты сан емес екенін еске саламыз. Марафон әлі де жалғасып, тайқазанның тартуы шын мұқтаждарға жеткізіліп жатыр.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов қайырымдылық марафонына атсалысып, Тайқазанды толтырған жамағаттар мен демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, отбасыларына қайырын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу