Жаңалықтар Жергілікті

3 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ТОЙДЫРДЫ

Қасиетті Рамазан айы да аяқталып келеді. Бұл айда мың айдан да қайырлы бір түн бар.

Сол түнге дөп түсер болсаңыз, қандай жақсылық жасасаңыз да, 83 жылдық сауапқа ие боласыз. Түрлі акциялар сауаптан құр алақан қалмасын деген ниетпен өткізіліп келеді.

“Берекелі Рамазан керуені” марафоны Созақ ауданында жалғасын тапты. Жергілікті кәсіпкер 3 млн 500 мың теңгеге қайырымдылық жасады.

Созақ, Ынтымақ, Көктөбе, Қайнар ауылдарында тұратын көмекке мұқтаж 200 отбасыға бір-бір қап ұн, 25 кг күріш, 5 л күнбағыс майы үлестірілді. Сондай-ақ, 2 түйенің еті таратылды.

Аудан имамы Мейрамбек Абдіқұлов Қойшыбай Мақашевқа ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, қайыры мен берекесін Берсін!

Созақ аудандық орталық мешіті

Пікір жазу