Әлем Жаңалықтар

25 ТЕРРОРИСТ ҰСТАЛДЫ

Өзбекстанның құқық қорғау органдары Ташкент пен Ташкент облысында “Катиба Таухид валь – жихад” террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 25 адамды ұстады. Бұл туралы Ria.ru хабарлады, деп жазады Egemen.kz

“Өзбекстан Республикасы ІІМ, МБК (мемлекеттік қауіпсіздік қызметі), ІІББ, Ташкент МБК қызметкерлері бірлесіп жедел іс – шаралар өткізді, оның барысында Ташкент және Ташкент облысы аумағында жасырын әрекет жасаған “Катиба Таухид валь-жихад” халықаралық террористік ұйымы тобының жақтаушыларының заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді”, – делінген ІІМ Telegram-каналындағы хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандар қазіргі уақытта Сириядағы топтар қатарында қызмет атқарып жүрген Өзбекстан азаматтарының идеологиялық ықпалына түскен және террористік топтар тарапынан ұрыс қимылдарын жүргізу үшін осы елге баруды жоспарлаған.

Пікір жазу