Жаңалықтар Жергілікті

ИМАМНЫҢ ҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Мұсылман қауымы қуатты болуы керек. Сайрам ауданының дін қызметкерлері салауаттылыққа жетелейтін бастама көтерді.

Ұлдарын имандылық пен спортқа баулып келеді. Өздерінің арасында да шымырлары баршылық.

Анталияда кикбостан өткен жарыста “Сұлтанмұрат” мешітінің имамы Сафаров Миннавардың ұлы Фазлиддин әлем чемпионы атанды. Қазақстанның көк туын желбіреткен жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз.

“Рухани жеті қазық” тұғырнамасының бір тармағы – ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Салауатты ұл мен қыздың руханияты бекем болады.

Ал, рухани салауатты ұрпақ ел кемелдігінің кепілі. Имамдарымыз дұғасымен де, ісімен де бұл жолда тынбай еңбектеніп келеді.

“Бір бала әкеден өте туады”. Жаратқан Жаббар Иеміз елімізді кете туатын ұрпақтан аман Сақтасын!

Сайрам аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу