Жаңалықтар Жергілікті

Бәйдібек: РУХАНИ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРДЫ…

Алла Тағала адам баласын қарға тамырлы етіп жаратқан соң, ара-қатынасымыздың ынтымақты болғанын қалайды. Тіпті, құлшылықтарымыздың қабыл болмағы, ағайынмен бірліктің бекемдігіне байланысты боп тұрады.

Ата-ана, әйел, бала-шағамен мәміле айтпаса да түсінікті. Яки, әркім өз отбасынан жан жылуын аямауы керек.

Пайғамбарымыз с.а.у төрт тараптағы көрші-көлеммен тату тұруға бұйырған. Жалпы танысын-танымасын мұсылманның бәрі бір-біріне бауыр саналады.

Алла Тағала аразды пенделеріне наразы болады. Сондықтан да бір-бірімізбен сәлеміміз түзу болуы тиіс.

Бұрынғы бабаларымыз шыж-быжы көп дүниеде сіз-біз деген сыйластықтың қалатынын айтқан. Бір күн ұрыс болған жерден береке қашса, бауырмал елге бақ қонады.

ҚМДБ-ның елге танымал ұстаздары Еркінбек Шоқай мен Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылдық мешітінде жамағатпен жүздесті. Бесін мен екінті намаздарының арасында насихат өрбітті.

Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқай осы ауылдың тумасы. Біраз бұрын рухани әңгімеге жерлестері арнайы шақырған-ды…

Дін қызметінде жүрген қари ұстаздарды шақпақтық игі жақсылар қуана қарсы алды. Ғибратты кездесуге жасы да, жасамысы да арқа-жарқа боп қалды. Ақсақалдар қонақтарға ақ батасын беріп, шығарып салды.

Бәйдібек аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу