Жаңалықтар Жергілікті

168 ОТБАСЫҒА ЕТ БЕРІЛДІ

Биыл онлайн тапсырыс беріп құрбандық шалушыдан етіне өтініш берген алушы еселеп көбейіп кетті. Түркістан облысы бойынша 500-ге жуық малдың етіне 1300-ден аса адамнан онлайн өтініш түскен.

Ұйымдастырушылар етті жеткенінше тең бөліп беріп жатыр. Кеше сойылған құрбандық бүгін таратылып болды.

Арыс қаласы бойынша 2 түйе, 3 сиыр, 9 қой шалынды. Еті 168 отбасыға үлестірілді.

Ет бағасын 2 мың теңгеден бағаласақ, орта есеппен әр отбасына 10-15 теңгенің еті берілді. Алла Тағала құрбан шалған азаматтарға разы Болсын!

Арыс қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу