Жаңалықтар Жергілікті

16 МЫҢ ТЕҢГЕ…

Жасыратыны жоқ, имамдардың ұйымдастыруымен жамағаттар мол сауапты істерді атқарып келеді. Оның бір парасы – түрлі-түрлі қайырымдылық шарасы.

Алла Тағаланың алдына амалдар мен сауаппен баратын мұсылманбыз. Алайда сауапты сарқып алатын пендешіліктер де жоқ емес.

Негізі жақсылық жасаған жанға алғыс айта білу де мұсылманшылыққа жатады. Адамға алғыс айта білмегенді шариғатта Аллаға шүкіршілік ете білмейтінге теңейді.

Мәселен, әр азық-түлік таратылған сайын, берісі 10 мың, әрісі 25 мың теңгеге дейін шама-шарқына қарай толтырып береді. Мұның өзі тәп-тәуір көмек екенін мойындау керек.

Шын мәнінде ел ішінде нанға зар отбасылар бар. Олардың жай-күйін имамдар біледі.

Көмекті шын мұқтаждарға берген жөн. Түркістандағы сондай 20 отбасыға 8 мың теңгелік азық-түлік және 8 мың теңге ақшалай табысталды.

Қайырымдылықты “Ортақ” мешітінің имамы Абдуқаһар Хадиев жамағаттың жұмылуымен жасады. Рахман Иеміз разы Болсын, қабыл Етсін!


Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу