18.1 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

15 000 теңге…

“Мектепке жол” акциясына республика  бойынша миллиондаған теңгелер жұмсалды. Мыңдаған бала қамтылды.

Жылдағыдай сол баяғы отбасылар өзіне керегін таңдап та алды. Көбісіне қаржылай таратылды.

Мектептерде жаңа оқу жылы аяқталғанша, мешіттерден көмек сұрап келетіндер көп. Алайда, барлығын бірдей жарылқайтын Алланың үйінде дұғасы болса да, қаржысы жоқ.

Имамдар табанынан тозып базар жағалап, саудагерлерді көндіреді. Кәсіпкерлерге кіріптар болады.

Мешіттерге көмектесу мұсылмандық міндетіміз болса да, Алланың берген айлығы мен байлығын жердегі үйіне қимай қалатынымыз жасырын емес. Десе де несібесі барларға бұйырғаны кезігіп жатыр.

Сондай қайырымдылықтың бірі Ордабасы ауданына қарасты “Қайнар” мешітінде болды. Жамағаттың жұмылуымен 24 балаға 15 000 теңгеден берілді.

Жалпы 360 мың теңгені құрады. Алла Тағала қабыл етсін!

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЖОЛДАСТЫҚ ҮШІН…

Yassi.kz

БАСПАНА САЛЫП ЖАТЫР

Yassi.kz

АЛҒАШҚЫ БАСҚОСУ…

Yassi.kz

Пікір қалдыру