42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Анаға хат бітті…

Ана – баланың жердегі қамқоршысы. Аналық жəне балалық махаббатты екеуінен артық ешкім білмейді əрі дəріптей алмайды. Алайда аналарымызды лайықты бағалай алмайтындарымыз да, оларға алғыс айта бермейтіндеріміз де жетерлік. Мұның шын мəнісінде үлкен қателік екенін екінің бірі білмейді.

Бүгінгі ұрпаққа ата-анасының алдындағы жауапкершілігі мен перзенттік парызын терең сезіндіруді үйрету мақсатында облыста “Анаға хат” жобасы өткізілді. Игі шараны Түркістан облыстық мешітінің Жастар ісі бөлімі осымен екінші рет ұйымдастырды.

7-11 сынып оқушылары арасында “Ана хат” айдарымен поэзия немесе проза есебінде өз ойларын 4 бет қағазға түсірулері үшін шығармашылық байқау жарияланған болатын. Бүгін Темірлан ауылында қорытындыланды.

Бас жүлде: Бақыт Маятай;

І-орын: Қасиет Жанəділ;

ІІ-орын: Аяна Мырзағара;

ІІІ-орын: Аида Жүсіпке бұйырды.

Байқау қыз баласының анаға жақын əрі жанашыр болатынын дәлелдей түсті. Ордабасы ауданының əкімі жастарға сəттілік тіледі. Гала-концертте эстрада əншілері өнер көрсетті.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру