Жаңалықтар Жергілікті

ЖАЗУ ҮШІН…

Мешіт жамағатымен сәнді. Жамағаттың аз болуы имамдарға тікелей байланысты.

Сондықтан бес уақыт намазда 10-15 минут уағыз айтылу керек. Әсіресе ауыл молдалары тек жаназа шығару, асқа барумен шектелмей, дінді дәріптеп, Құран үйретумен де айналысуы тиіс.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов діни сауат ашу пен оңалтуға ерекше мән береді. ЖАНТ, ДСАК, “мобильді топ”, діни-танымдық дәрістердің кестесі түзіліп, жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Түлкібасқа жоғары білімді жас мамандар керек. ДСАК шәкірттеріне ұстаздар қажет.

Орталық мешітте діни сауат ашу курсы тұрақты жұмыс істеп тұр. Аудан имамы жалпы жамағатқа, арнайы ұстаз шәкірттерге дәріс өтеді.

Облыс имамы төралқа мәжілісінде молдалар арасынан жоғары білімділерін онлайн-оффлайн уағызға тартуды тапсырды. Сондай-ақ, молдалардың білімін жетілдіру мақсатында Құран, тәжуид, қырағаттарын, әдебі мен мәдениетін түзеу керектігін алға тартты.

Түлкібаста 49 мешіт, 50 қызметкер бар. Оның жартысы жиналысқа қатыспады. Аудан имамдары есептің кем-кетігін толықтырып, он күн ішінде тапсырады.

Аудан имамы төралқа мәжілісіне арналған арнайы блокнот әзірлеп, ауыл молдаларына таратып берді. Облыстың іс-басқарушысы таасырмаларды жазу үшін арнайы қойын дәптер арнауды тапсырған болатын.

Еркебұлан Қарақұлов төралқаға қатысқан ауыл молдаларына ризашылығын білдірді. Аудан имамы Мағаз Серікке Бас Мүфтидің алғыс хаты берілді.

Түлкібас аудандық орталық мешіті

Пікір жазу