Әр түрлі Мақалалар

ӨЗІМІЗГЕ ЖАУ ҚАЙ МҮШЕ?

Дене мүшелереміздің ең қауіптісі – тіл. Қалаған тарапына оңай кете алады.

Хадис шәрифте былай делінеді: «Әр күні таңертең мүшелер тілге былай деп ескертеді: Біздің атымыздан сөйлегенде Алладан қорқатын бол, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де бұрыс боламыз» (Тирмизи).

Көп сөзділікке берілген кейбіреулерді көргенде күрсінесің. Көп сөйлеу адамды жексұрын қылып көрсететінін түсінесің.

Адам күнәні тілмен де жасайтынын ескерсек, көп сөйлеу сол тілмен жасалатын күнәлардың санын арттырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ):
«Үндемеген үлкен бәледен құтылады, ал көп сөйлегеннің күнәсі де көп болады» деген.

Дереккөз: Mazhab.kz

Пікір жазу