25.4 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

Шарананың күнделігі

Қазір елімізде жасанды жолмен түсік жасату немесе тоғыз ай, үн көтеріп туған перзентін далаға тастап кету тиылмай тұр. Ақиқатында екеуі де бірінен-бірі өткен ауыр күнə. Ұлдан – ұлық, қыздан – қылық қалса, ардан ұят кетеді. Ал, иманның жартысы – ұят. Бұл проблемаға əртүрлі факторлар ықпал етеді. Бір нəрсені ескерген жөн. Бағып-қағудан қиналып қалудан қорқып, баланың өмірін əсте қиюға болмайды. Мысалы, бір қаскөй қасақана кісі өлтірсе қалай қабылдайсыз? Ал, түсік жасатуға ше? Ол, адам өлтіруге жатпай ма? Ал, біреулер перзентке зар боп жүргенде, қыз баласын керек қылмай ұл таңдайтынымыз тағы бар…. Сіздерге ана құрсағындағы шарананың тілімен жазылған күнделігін ұсынамыз…

 

 

5-қазан.

 

Бүгін жаратыла бастадым. Бірақ, менің пайда бола бастағанымды әлі әкем де, шешем де білмейді. Мен əлі алманың дəнінен де титтеймін. Сонда да мен бармын. Әлі белгілі бір пішін ала қоймасам да, кім екенімді сезетін сияқтымын. Мен қыз боламын. Гүлдерді жақсы көретін боламын.

 

 

19-қазан.

 

Біраз үлкейсем де, әлі қандай да бір әрекет жасауға қауқарсызбын. Оған әлі күшім жете қойған жоқ. Анам мені өз қанымен қоректендіріп жүр. Мені өзінің жүрегінің астыңғы жағында тасып жүр. Маған қызығы сол, анам әлі мен туралы білмейді.

 

 

23қазан.

 

Ауызым пішін ала бастады. Өзіңіз ойлаңызшы, бір жылдан кейін-ақ күле алатын боламын. Содан соң, сөйлейтін де боламын. Ең алғашқы сөзім «анашым» болатынына сенімдімін. Кім мені «ешкім емес»,- деп айта алады кәне?! Бір үзім нан да нан емес пе?!

 

 

27-қазан.

 

Бүгін алғаш рет жүрегім соға бастады. Бұдан былай өмірімнің соңына дейін соғып тұратын болады. Мен жүрегімді тек махаббатқа толтыратын боламын.

 

 

 

2-қараша.

 

 Саусақтарым көріне бастады. Әр күн сайын ақырын-ақырын өсіп келемін. Қолдарым мен аяқтарым пішін алып келеді. Бірақ бұл аяқтарыммен анама қарай жүгіруге, ал қолдарыммен әкемнің мойнына асылуға ертерек боп тұрғаны.

 

 

12-қараша.

 

 Саусақтарым анық шыға бастады. Олардың кішкентай болғаны соншалық, өзім де таң қалып отырмын. Маған әлі қызық болып жүр: жақында олар мені еркелететін болады, менімен гүл тереді, доп ойнайды.

 

 

20- қараша.

 

Бүгін анашым дәрігерге барды. Осылайша менің бар екенімнен хабардар болды. Қуанбайсың ба анашым?! Жақын арада екі қолыңда боламын…

 

 

25- қараша.

 

Ата-анам қыз екенімді әлі білмейді. Мүмкін олар ұл бала немесе егіз күтіп жүрген де шығар. Оларға тосын сыйлық боп барам. Анам сияқты «қаракөз» болғым келеді.

 

 

10-желтоқсан.

 

Жүзім толықтай пішін алды. Шіркін анама ұқсасам ғой…

 

 

13-желтоқсан.

 

Бұдан былай жан-жағыма да қарай аламын. Алайда, мен жатқан жер қап-қараңғы. Сонда да бақыттымын. Өйткені мен тірімін. Жуырда көздерім дүние жарығын көретін болады. Басқа сәбилердің ойнағандарын тамашалайтын боламын. Тауларды, теңіздерді, көк аспанды әлі көрмедім. Бұлар қандай нәрселер екен өзі. Сен қандай жан екенсің анашым, шіркін бір көрсем?!

 

 

24-желтоқсан.

 

Анашым жүрегіңнің дүрсілін естіп тұрмын. Менің де жүрегімнің қағыстарын естимісің? Өте сымбатты қыз боламын. Кейбір сәбилердің дүниеге келулері қиын болатын көрінеді. Алайда, бізге тәжрибелі дәрігерлер көмектеседі. Кейбір жүрексіз аналардың өз сәбилерінен бас тартатынын да білемін. Бірақ мен дүниеге келгім келеді, қолдарыңда ұйықтағым келеді, оянып жүзіңе қарап күлгім келеді анашым. Сен де мені дәл солай күтіп жүрсің ғой, иə, анашым? Мені қатты жақсы көретін боласың ба?

 

 

28-желтоқсан.

 

Жаным анашым, не үшін өмірімді қиюларын қаладың? Бірге болсақ басымызға талай қызықты күндер келетін еді ғой, АНАШЫМ! Жағдайың қиын болды ма? Маған көп нәрсе керек емес еді ғой, ЖАНЫМ АНАМ! ҚОШ  БОЛ!


Шарана күнделігін қазақшалаған: Еркебұлан Сейітжанұлы

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Бір адамға 1 доллар жеткілікті…

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Yassi.kz

ОРАЗА АЙТ КҮНІ МҰСЫЛМАН ЖАСАУЫ ТИІС АМАЛДАР

Yassi.kz

Пікір қалдыру