29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

РАХМАННЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ ЖАСЫРЫЛҒАН ЖЕРГЕ БАРЫҢЫЗ

Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар. Науқастанып жатқан адамның көңілін сұрап, «ауырып тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге шипа берсін», «шикі ет ауырмаққа» деген сияқты жұбату сөздермен оның тез жазылуға деген сенімін арттыра түсу қажет. Біз денсаулық сұраудағы сауаптармен әдептері жайлы қысқаша шолу жасамақпыз. Онда қолданатын сөз тіркестері де әр жерде әртүрлі. Бірақта негізгілері мыналар болар: «Денсаулығыңыз жақсы ма?», «Денсаулығыңыз қалай?», «Тәуірсіз бе?». Ал сауабы мен әдептеріне келер болсақ:

 

Сауабы

Алла Тағала науқасқа зиярат жасауды, Өзіне зиярат жасағанмен пара-пар санайды.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Өзі және саңлақ сахабалар көңіл сұрауға ерекше мән берген.

Ғиядәтүл-марид, науқастың көңілін сұрау мұсылманның асыл міндеттерінің бірі.

Науқастың көңілін сұрауға таңертең шықсада, кешке шықсада жетпіс мың періште тілеулес болып, жаннатта бір бақша дайындалады.

Әй жолаушы! Ең дұрысын жасадың, жаннаттан өзіңе орын дайындадың – деп бір айқайлаушы періште жар салады.

Науқастың көңілін сұрау жолы, Жәннат бақшаларын аралаумен пара-пар.

Мұсылман бауырының көңілін сұраған құлға, жетпіс мың періште дұға жасап күнәсінің жарылқануына тілеулес болады.

Науқастың разылығында Рахманның разылығы жасырылған.

Мұсылман бауырының көңілін сұрауда қос сауап жасырылған. Олар: Бауырына зияраты, денсаулығын сұрау сауабы.

Көңіл сұрауды қайталау да сауап.

 

Әдептері

Дәрет алып бару.

Науқастың жанында Фатиха, ықылас, фәлақ және нас сүрелерін оқу.

Алладан шипа тілеп, атын атау сүннет.

Дұғаны қысқада нұсқа, анық жасап, үш рет қайталау да сүннет.

Имам, қари, ғалымдар «Руқия» жасау яғни дем салу.

Ауру адамның жағдайын сұрап барған кезде, үміт беретін сөз айту.

Науқас жанға, сырқаттың өткен күнәларға өтем екендігін, дұғаның қабыл болатындығын, науқас сәтіндегі құлшылықтың құндылығын да жеткізе білу.

Нағыз шипагер Алла  екенін көңіл сұраушы есінен әсте шығармауы, науқасқа да даналықпен сол түсінікті бере білу.

Сырқаттан сызат та, күнәдан кір де қалмай сауығып ұзақ ғұмыр кеш деу.

“Ас суды іш деймін, іш” деп қыстамау.

Қаламайтын әңгіме-ақпар жайлы сөз қозғамау.

Науқастың жанында үйінде шу шығармау, топырлап топ көбейтпеу.

Өзі тілдесе алмаса жақын, тамыр-таныстарынан сұрастырып білу.

Науқастың жанында өзі жақсы танитын дәрігер мен дәріден сөз етпеу, оны туыс-туғандарына айту.

Еркек-әйел, туыс-жақын жағын ескере отырып, тамыр соғысын байқап әрі маңдайын басып көру.

Қарапайым (танымал емес) науқастың көңілін сұрау басшы, ғалымдарға айып емес.

Көңіл сұрау парыз кифая болып саналады.

Мезгілсіз уақытта науқас адамның көңілін сұрамау. Көп отырып алмау.

Сырқат жанға Таухид танымдарын қамтитын дұғаларды жасауы жөн. Өйткені иманын үйіріп өткен жан тозаққа түспейді.

Шипалы дәрі, дуалы дәрігер жайлы науқасқа емес, жақындарына айту.

Қолынан келгенше көмек көрсету.

Әбдікәрім Берікбай – «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледж»інің ұстазы

Дереккөз: Mazhab.kz

 

Ұқсас жазбалар

БИСМИЛЛӘҺТЫҢ ҚАСИЕТІ

Yassi.kz

АРЫСТА 200 БҮЛДІРШІНДІ ҚҰТҚАРҒАН БІЗДІҢ БАТЫРЛАР

Yassi.kz

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: – БҰЛ МЕРЕКЕНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР…

Yassi.kz

Пікір қалдыру