30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

КЕШІРМЕУДІҢ КЕСІРІ

Мейірімі шексіз, рақымы шексіз жаратушы Иеміз Алла Тағаланың атымен бастаймын!

Адам баласының бойындағы құнды мінездің бірі – кешірімді болу. Ислам – дініміз де қоғамдағы тыныштық пен бірлікті сақтау үшін мейірімді және кешірімді болуға үндейді. Кешірім беру – соғысуға жақын қалған екі елді ынтымақтастыруға, ажырасу алдында тұрған ерлі-зайыптыларды татуластыруға, араздасып жүрген екі ағайынды жарастырып жіберуге болатын амал.

Алланың кітабы Құран Кәрімде:«Кешірім жолын ұста, дұрыстыққа бұйыр, білместіктен аулақ бол» дейді(Ағраф сүресі 199 аят). Ренжіскен адам мен қарым-қатынасыңызды үзсеңіз де, кешірім беріңіз, мейлі, ол кінәлі болсын-болмасын.

Құран-Кәрімде “жазалау” сөзі 117 рет келсе, “кешірімді болу” жөнінде 234 аят келген, яғни екі есе көп айтылған. Құранда кешіру ұғымы екі түрлі сипатта келген: 1) Алланың адамдарға кешірімділік етуі; 2) Адамдардың өзара кешірім етуі.

Алла Елшісінің өміріне бір үнілсек, Мұхаммедті с.а.у бір яһуди сиқырлап қойған кейін, соны біле тұра оны кешірген. Осылайша кешірудің керемет үлгісін көрсеткен бірнеше оқиғалар бар.

Табараниден жеткен хадисте Пайғамбарымыз с.а.у былай деген: “- Сендерге Алла Тағала онымен дәрежені көтеретін амалды айтайын ба?”. Сонда сахабалар:”Әрине”,- дейді, Сонда Алланың елшісі с.а.у:”- Саған зұлымдық қылғанды кешіру”,- деген. Ал, мына бір аятта Алла Тағала кешірушілерді қалай жақсы көретіндігі жөнінде: “Сондай-ақ, олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық істеушілерді сүйеді” (Әли-Имран 134 аят). Тіпті басқа аятта өзіне жау дұшпан болғанды да кешіруді келтірген.

Адамдарды кешіре білгенді ғана Алла кешіріміне бөлейді. Өйткені барша жаратылыс Иесі Алла Тағала кешіріп жатса, мына біз әлсіз жаратылыс болған және күнәға бейім пенде ретінде неге кешірмеске?

Мына дүниеде кешірімді болғанның ең үлкен пайдасы ерлі-зайыптылар бір-бірімен ұрысып және ренжіскен болса, бір-бірін кешіре салса отбасылық өмірі жалғасын табады, ал, егер екеуі де бір-біріне кек сақтап, кешіре білмесе түбінде ажырасуға апаратын жолға түсіп кетеді. Сондықтан, мына жалған өмірде кешірімділікті ұран ретінде мінезімізге қоса білсек жаман болмайтынымыз хақ.

Кешірім берген адам – жәннаттық болады. Сөз соңында Пайғамбар с.а.у хадистеріне зер салсақ:

«Кешіріңдер, Алла Тағала да сендерді кешірсін және дәрежелеріңді арттырсын!»;

«Алла разылығы үшін кешірген адамның дәрежесін Алла Өзі көтереді» (Мүслим);

«Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге) сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз» (Суюти);

«Саған зұлымдық жасаған адамды кешір, келмеген адамға өзің бар, жамандық жасағанға жақсылық жаса, артынан болса да міндетті түрде рас болғанын айт» (Рузәйн);

«Жаза берудегі қателесу, кешірудегі қателесуден жаманырақ» (Хаким)

Бабаларымыз таспен ұрғанды, аспен сыйлауға үндеп, кең болсақ, кем болмайтынымызды айтып кеткен. Ендеше, итің жаман дегенге де өкпелей бермей, алдыңызға келсе атаңыздың құнын кеше салыңыз. Ұзақ уақыт кешірмейтін адамдар өз денсаулығына зиян шектіреді. Жүрек, бас ауруларына шалдығады. Кешірмеудің кесірі қияметте қиын болады. Ал, кешіре білген жанға Алла Тағала жеңілдігін береді!

Сол үшін де бауырлар кешірімшіл болсақ, ақыреттің күнінде ол сыйлықты аламыз. Еліміз тыныш, отбасымыз аман болсын!

Сейдахмет Темірбек – Сайрам ауданының бас имамы

Ұқсас жазбалар

ОТАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: -ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН ҒАЗИЗ НӘРСЕ ЖОҚ

Yassi.kz

МҰХАРРАМ АЙЫ БАСТАЛДЫ. АШУРА КҮНІ ҚАШАН?

Yassi.kz

Пікір қалдыру