25.2 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

Алғыс айтамыз…

“Қарғыс алма, алғыс ал” дейді, дана халқымыз. Кейде түймедейге қапа боп, таудай жақсылықты ұмытып кететініміз бар. Ашуды ақылға жеңдіре білсек, Алланың да, адамның да алдында ұпайымыз түгел болады.

Алғыс айту – жақсылыққа жетелейді, мейірімді оятады.

“Адамдарға алғысын айтпаған, Аллаға да шүкір етпейді”, дейді шариғатта. Ұйқыдан ояна салып, алдымен Аллаға шүкіршілік білдірсек – мұсылман ретінде алғыс айтқанымызға жатады. Шүкір етсек, Шүкір Алланың берер жақсылығы таусылмайды.

Одан кейін ата-анамыздың хал-жайын сұрап, алғыс айтуды күнделікті əдетке айналдыру керек. Рахманның разылығы – ата-ананың ризашылығында екенін ұмытпайық. Рахмет айтудың өзі ол кісілерді үлкен қуанышқа кенелтеді.

Хадистерде “қиындықтатпаңдар жеңілдетіңдер” деген. Кез-келген жағдайда кеңшілікпен қарап, кешірім еткен жан жеңілдікке жетеді.

Үлкен басыңызды кішірейткенге телімей, жасы кішіден титтей игілік көрсеңіз рахмет айта жүріңіз. Алғыс айтып үйренсеңіз, өзіңіз үшін қайырлы.

“Расында Аллаға ең көп шүкір ететін адамдар, олар адамға ең көп алғыс айтатындар”. Облыстың дін қызметкерлері игі жақсы халыққа жəне жаны жайсаң жамағаттың баршасына алғыс айтады.

Қасиетті Жұмамен кіріп келген көктем де, “Алғыс айту” күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі

Ұқсас жазбалар

РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІНДЕ АТҚАРАТЫН АМАЛДАР

Yassi.kz

РАХМАННЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ ЖАСЫРЫЛҒАН ЖЕРГЕ БАРЫҢЫЗ

Yassi.kz

Рамазанның рахметінен мақұрым қалмайық!

Yassi.kz

Пікір қалдыру