Әр түрлі Мақалалар

ҚАДІРЛІ ЖАМАҒАТ!

Қадірлі жамағат! 

Азаттық таңы – ата-бабаларымыздың бағзыдан бергі арманы, құрбандықпен жеткен бағасыз байлық. Талай тар жол тайғақ кешіп, небір зұлмат, зобалаңдардан өтіп, егемендікке қол жеткіздік.

Тәуелсіздік – әрбір санада жаңғырып тұруы тиіс ұлы ұғым. Қазақ тарихы тағылымға толы. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ. Ұлт зиялыларындай зияткер, отанын сүйетін, адал һәм білімді жастарды тәрбиелеу ілкі буынның міндеті. “Отанды сүю – иманнан” болса, “Ұлтқа қызмет ету – мінезден” деген.

Тәуелсіздік құтты әрі баянды болсын! Алла Тағала елімізге тыныштық, жұртымызға бақ-береке, дінімізге қуат Берсін, ел бірлігін бекем Етсін, осы жолда құрбан болған ата-бабаларымызға разы Болсын!

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еркебұлан Қарақұлов

Түркістан облысының Бас имамы

Пікір жазу