30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

АРЫСТА 200 БҮЛДІРШІНДІ ҚҰТҚАРҒАН БІЗДІҢ БАТЫРЛАР

Арыстағы жойқын жарылыс кезінде дала тұманданып кеткен. Ию-қиюда әркім өз бетінше жан сауғалап қаладан қаша жөнелген. Ал, бала-бақшадағы жүздеген балалар ше?…

Шырынбек ақсақал әдеттегідей, сол күні де мешітте еді. Ауданның орталық мешіті эпицентрден жырақтау жерде. Десе де жарылыстың қатты болғаны соншалық жер қимылдап кеткендей сезілген. Тысқа қарай жүгірді. Әлбетте, қорыққаннан емес, адамдарды құтқаруға асыққан. Көшеге шықса бала-бақша бүлдіршіндері мен жетекшілері улап-шулап жүр екен. Дереу сәбилердің бәрін мешіттің ішіне кіргізе бастаған. Әйтеуір, сол кезде жылап жүрген үлкенділі-кішілі балалардың бәрін Алланың үйіне жетектеп әкеп, ешқайда шығармай отырған.

Сол сәтте-ақ, Шымкенттегі өкілдікпен хабарласып, балаларды күтіп алуды өтініпті. Сағат 12:00 шамасында әскерилерді шақырып, көліктеріне мінгізіп жіберген. “Ақмешітте” 2-6 жасар сәбилерді имамдар қарсы алды. Ол жердегі қызық пен шыжықтың өзі бөлек әңгіме. “Олар да өз балаларым, өз немерелерімдей ғой”,- деп бөлектемейді, Шырынбек аталары.

Шырынбек Нұрымов – Арыс қалалық орталық мешітінің қызметкері. Зейнет жасынан асса да, он кісілік күші бар. Сол аласапыран күні балаларды ғана құтқарған жоқ. Алланың үйін қараусыз қалдырмай 5 күн бойы жұмыс орнын күзетіп қалды. Жай қарап жатпай, Байырқұм ауылының имамы Амангелді Керімбековты шақырып алды. Екеулеп жарылыстан емес, 50 градус ыстықтан шөліркеп тұрған мешіт маңындағы үйлердің малдарын суғарды. Суды көрші ауылдан тасыған. Аптап ыстыққа шыдай алмай, ит, мысық, сиырлардың арам қатқан жайы бар. Арыстағы бүкіл төрт түлікті суғаруға қауқар қайдан жетсін?

Рахманның разылығы үшін оттан да, оқтан да қорықпай, жасаған жақсылықтарын ерлікке бағалаймыз. Шырынбек аға аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісімен бірге сол күні егін алқабы арқылы үдере көшкен жерлестеріне су тасығанын айтып, Айдос мырзаға рахметін айтып қалды. Амангелді имам екеуі Арыстағы арпалысты күндерді “қайтып келмесін” деп еске алды.

Арыстың абыз ақсақалының дін қызметінде жүргенін мақтан етеміз. Алла Тағала Шырынбек Нұрымов пен Амангелді Керімбаевтарға разы болсын! Кішкентай балаларын аман алып қалған Шырынбек Нұрымовқа ата-аналар ризашылықтарын жаудырып, редакцияға хат жолдады. Жақсының жақсылығын асырып, нұрын тасытатын қазақ емеспіз бе? Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді екі имамға алғыс жариялады.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ОТАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: -ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН ҒАЗИЗ НӘРСЕ ЖОҚ

Yassi.kz

МҰХАРРАМ АЙЫ БАСТАЛДЫ. АШУРА КҮНІ ҚАШАН?

Yassi.kz

Пікір қалдыру