Әр түрлі Мақалалар

МӘУЛІТ АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (С.А.У) САЛАУАТ ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ:

Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадис шәрифінде: «Бір күні маған төрт үлкен періште: Жәбрәйіл, Микайл, Исрафил және Әзрәйіл (а.с) келді. Жәбрәйіл (а.с) маған: «Иә, Расулуллаһ! Сенің үмметіңнен біреу саған арнап күніне он рет салауат оқыса, мен ол құлдың қолынан ұстап, сират көпірінен құстың ұшқаны сияқты тез алып өтемін» деді. Микайл (а.с): «Мен ол салауат оқыған үмметіңе кәусардан тойғанша ішкізіп, құрметтеймін» деді. Әзрәйіл (а.с): «Менің ол адамға көмегім, оның да яғни салауат оқыған үмметіңіздің де, рухын солай алам» деді. Исрафил (а.с): «Мен ол құлдың күнәсі үшін Аллаһтан кешірім өтінемін, қашан Аллаһ күнәсін кешіргенше, мен басымды сәждеден алмаймын» деді.

Салауат оқудың кейбір қасиеттері.

1. Салауат: «Алла Тағала және Періштелері Пайғамбарымызға (с.а.у) салауат айтады. Әй мүминдер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер. (Ахзаб сүресі, 56 аят). Салауат оқу Алла Тағаланың осы әмірін орындау.

2. Салауат күнәлардың кешірілуіне себеп.

3. Пайғамбарымызға (с.а.у) жақын болуға ең жақсы және жеңіл жол.

4. Пайғамбарымыз (с.а.у) өзіне салауат оқығанға шапағат етеді.

5. Әр салауат оқығанның есімі Пайғамбарымызға (с.а.у) беріледі.

6. Салауат оқу себебімен, мінезі Пайғамбарымыздың (с.а.у) мінез-құлқына ұқсайды.

7. Алла ризалығын алуға себеп.

8. Салауат ұмытқан нәрсенің еске түсуіне себеп болады.

9. Салауат дұғаның қабыл болуына себеп.

10. Салауат қиямет күні ыстықта адамға көлеңке болады.

Пікір жазу