42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

ИТ ҮРЕДІ… АРЫСТАҒЫ ИМАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ

Арыстағы алапат апаттан әскери база маңындағы күлі көкке ұшқан үйлердің арасынан бір сары-ала итті байқап қалдық. Біз жеткенше, ол ұясына кіріп кетті. Қорқа-қорқа жанына әзер бардық.

Бұл апаттың беті қайтып, қаланың қақпасы алғаш ашылған күн еді. Төрт тәуліктен бері шөліркеп әрі ашығып қалса керек, тілі салақтап тіміскіленіп жүрді.

Үйінділер астынан ақ темір кәстрөл тауып алдық. Қуанып кетсек, түбі тесік екен. Тағы іздеп, майонездің шелегін таптық. Су бердік. Су шаштық. Итте ешқандай реакция жоқ. Құдды бір меңіреу сияқты, не үрмейді, не су ішпейді.

Сонда да су құйып, тамақ қойып кеттік. Обалы бар, жаратылыс қой.

Осы орайда Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның с.а.у бір ғибратты хикаясы ойға оралды. Расулуллаһ (с.а.у.) бір хадис-шәріпінде былай дейді: «Бір адам сапар шегіп бара жатқанда қатты шөлдеді. Тіпті шөлге шыдай алмайтын дәрежеге жетті. Сол уақытта бір құдыққа кез болды. Құдықтың ішіне түсіп шөлін қандырды. Құдықтан шыққанда шөлдегеннен топырақ жалап жатқан бір итті көреді. Әлгі адам өз-өзіне: «Мына ит те мен сияқты қатты шөлдеген екен ғой» деп қайтадан құдыққа түсіп, аяқ киіміне су толтырып алып шығып итке береді. Алла тағала оның бұл әрекетіне риза болып күнәларын кешіреді». Сонда сахабалардың кейбірі: «Уа, Алланың Елшісі! Бізге хайуанаттарға жасаған жақсылықтарымыз үшін де сауап бар ма?» – деп сұрады. РасулАлла (с.а.у.): «Иә, әрбір мақлұқатқа жасаған жақсылық үшін сыйлық бар», – деді (Бұхари, Ширб 9). Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) ансар сахабаның бірінің бағына кірді. Ол жерде бір түйе байлау-лы тұрған болатын. Түйе Пайғамбарымызды көргенде боздап көздерінен жас аға бастады. РасулАлла (с.а.у.) түйенің жанына барып көз жастарын сүртті. Түйе тынышталды. РасулАлла (с.а.у.): «Бұл түйенің иесі кім?» – деп сұрады. Ансарлық жас жігіт: «Ол түйенің иесі менмін» деп ортаға шығып еді Пайғамбарымыз: «Алланың саған мүлік ретінде берген мына түйеге не істегенсің? Алладан қорықпайсың ба? Маған қара. Түйең маған шағым айтуда. Сен оны аш қалдырып, көп шаруа жасатып, шаршатады екенсің», – деп азарлады (Әбу Дәуіт, Жиһад, 47).

Алла Тағалаға аманаттап жөнімізге кеттік. Арыстықтарға арнап күнде облыстық өкілдіктерден бір-бір көмек керуені келеді. Әрісі Атырау, Маңғыстау, берісі Қызылорда, Жамбыл, Алматыдан ат терлетіп келген соң, жарылыс болған жерлерді өз көздерімен көруді діттейді. Әріптестермен база жаққа барған сайын, әлгі итті іздейміз. Кеше барсақ, жүр екен. Мәз болдық. Ал, ол үріп жанына жолатпады.

Үруге шамасы жетпей жатқанда су мен ас берген бізге білдірген алғысы шығар деп кете бардық. Иттің меңзең күйден аман-сау айыққанына көңіл тоқ боп қайттық. Жанына жолатпаса да, еттен қалған бос қауашақты көріп, иттің кәдесіне жарағанымызға шүкіршілік еттік.

Иттің де киесі, иесінен Алла Тағаланың алдында сұрауы бар. Жалпы кез-келген қолда ұстайтын ит, мысықты асырап алған соң, дұрыстап қарау керек. Әйтпегенде, олардың обалы тиеді.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі 

Ұқсас жазбалар

НАМАЗДЫҢ ПАЙДАСЫ

Yassi.kz

Асқар Сабдин: – «Жүндүл халифат» – таза террористерді өсіретін жылыжай

Yassi.kz

ӨЗІҢЕ КҮЙЕ ЖАҚҚАНЫҢ…

Yassi.kz

Пікір қалдыру