Ғибратнама Мақалалар

БАЙҒА БЕРГЕН ЖАУАБЫ

Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай, екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң, жігіттер байдан ақысын сұрайды.

Бай олардың біреуіне – саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төле биге келіп шағым айтады. Би байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады.

Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.
– Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем?- дейді, байға.

– Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, – депті, амалы құрыған бай.

Пікір жазу