Мақалалар Фиқһ

НАМАЗДАҒЫ УӘЖІПТЕР

Уәжіп намаздардан бөлек, намаздың орындалуында уәжіптері бар. Уәжіп те, парыз сияқты міндеті мойыннан түспейтін амал.

Намаздың уәжіптері мыналар: 

Фатиха сүресін оқу.

Фатихадан кейін бір қысқа сүре немесе үш қысқа аят оқу.

Фатиханы қосымша сүреден бұрын оқу.

Парыз намаздың алғашқы екі рәкәғатында қырағат оқу.

Намаз рүкіндерін асықпай, мұқият орындау.

Бірінші отырыс.

Бірінші, екінші отырыстарды тәшәһуд дұғасын оқу.

Намаздан сәлем беріп шығу.

Үтір намазында құнұт дұғасын оқу.

Айт намаздарында қосымша тәкбірлерді айту.

Имамның таң, жұма, айт, тарауық, ақшам, құптан, үтір намаздарын дауыстап оқуы.

Бесін мен екінтінің, ақшам мен құптанның соңғы екі рәкәғаттарын іштей оқу.

 

Уәжіптердің үкімі

Осы уәжіптердің біреуін әдейі тастап кетсе, қайтадан оқылу тиіс. Ал, егер ұмытып кетсе, сәһу сәждесін орындау арқылы өтейді.

Пікір жазу