25.4 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Бір аят тәпсірі Мақалалар

Бақара сүресінің 33-аяты

قَالَ يَا آدَمُ أَنبِئْهُم بِأَسْمَائِهِمْ ۖ فَلَمَّا أَنبَأَهُم بِأَسْمَائِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّي أَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ

Алла Тағала адам баласын ардақты, абзал етіп жаратқанын паш ету үшін:«Уа, Адам! Оларға мыналардың (мән-мағынасын түсіндіріп) атауын айтып бер» деп бұйырды. Сонда Адам періштелерге бар нәрсенің атауын айтып бергенде, оларға Адамның (а.с) артықшылығы, абзалдылығы көрінді. Алла оларға: «Мен сендерге «жеті қат көк пен жердегі ғайыптың бәрін білемін, сондай-ақ сендердің нені жария етіп, нені іштеріңе бүгіп, жасырып жүргендеріңді де жақсы білемін» деп айтпап па едім?!» – деді.

Ибн Аббастың айтуынша: «сендердің нені жария етіп, нені іштеріңе бүгіп, жасырып жүргендеріңді де жақсы білемін» дегені, сыртқа көрсеткендеріңді білгенім сияқты іштеріңе жасырған сырларыңды да білемін. Бұл арқылы Ібілістің ішіне жасырған тәкәппарлығы мен мақтаншақтығынан хабардар екенін тұспалдауда[i].

 

Әр-Рабиғ ибн Әнәстан Абу Жағфар ар-Рази былай жеткізеді: періштелердің жария еткендері олардың өткен аятта келген «жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасайтын және нақақтан-нақақ қан төгетін біреуді жаратасың ба?!» деген сұрақтары. Ал іштеріне бұғып, айтпағандары: «Алла Тағала қандай жаратылыс жаратпасын біз одан білімді әрі абзал боламыз» деген ойлары. Алайда, адам оларға әр жаратылыстың мән-мағынасын түсіндіріп атауын айтып бергеннен соң, олар адамның абзалдылығына көз жеткізді.

 

Ибн Аббас тағы бір сөзінде былай дейді: «Алла Тағала «сендердің жасырып жүргендеріңді де жақсы білемін» деп, Ібілістің ішіндегі тәкəппарлық пен көкіректікті мақсат еткен. Себебі періштелерде ондай жаман қасиет болмаған. Ал аятты «сендердің» деп, Періштелерге бағыттап және көпше түрде айтуының себебі: бұл кезде Ібіліс періштелердің қатарында жүрген. Періштелерде ондай ой болмаса да Алла Тағала бір Ібілістің ішіндегі жаман ой үшін барлығына бірдей осылай айтқан. Арап тілінде оған мысалдар көп. Мәселен «соғыс болып, әскерлеріміз жеңіске  жетті» дейді. Алайда олардың барлығы бірдей соғыспаған болуы мүмкін. Іштеріндегі бірнеше адам ғана қарсыластардың бірнешеуін өлтірген болуы мүмкін. Алайда, ішіндегі бір-екі адамға бола бүкіл әскер жеңді немесе жеңілді деп айтылады».

 

Мұндай мысалдар Құранда да көп кездеседі. Мысалы: «Расында, саған бөлмелердің сыртынан айқайлап үн қататындарға келсек, олардың көбі (дінді әлі толық меңгермеген, жөн білмейтін) ақыл-парасаттан жұрдай адамдар[ii]» Бұл аяттың да негізінде жалғыз адамға бола түскендігі айтылады.[iii]

 

 

Тəпсірді қазақшаға тəржімалаған: Еркебұлан Сейітжанұлы

 

[i] Ібіліс жайлы алдымыздағы аяттарда кеңінен айтылады

[ii] Хужурат сүресі 4

[iii] Ибн Кәсир тәпсірі

Ұқсас жазбалар

Бір адамға 1 доллар жеткілікті…

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Yassi.kz

ОРАЗА АЙТ КҮНІ МҰСЫЛМАН ЖАСАУЫ ТИІС АМАЛДАР

Yassi.kz

Пікір қалдыру