30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Бір аят тәпсірі Мақалалар

Бақара сүресінің 23-24 аяттары

»وَإِنْ كُنْتُمْ فِي رَيْبٍ مِمَّا نَزَّلْنا عَلى عَبْدِنا فَأْتُوا بِسُورَةٍ مِنْ مِثْلِهِ وَادْعُوا شُهَداءَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صادِقِينَ (23) فَإِنْ لَمْ تَفْعَلُوا وَلَنْ تَفْعَلُوا فَاتَّقُوا النَّارَ الَّتِي وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجارَةُ أُعِدَّتْ لِلْكافِرِينَ (24) «

 

  1. Егер құлымызға түсірген Құранның ақиқаттығына шәк келтірсеңдер, қане, соған ұқсас бір ғана сүрені ойдан шығарып көріңдерші, сондай-ақ егер (Мұхаммед оны өз ойынан шығарған деген) сөздерің рас болса, (онда сол бір ғана сүрені ойдан шығару үшін) Алладан басқа өздерің сенетін бүкіл медеткерлеріңді (шайырларың мен пұттарыңды) жәрдемге шақырыңдар.

 

  1. Оны істей алмасаңдар, әсте істей алмайсыңдар, ендеше, кәпірлер үшін әзірленген отыны адамдар мен тастардан тұратын тозақ отынан (Аллаға, елшісіне және Құранға иман келтіру арқылы) сақтаныңдар!

 

«Әй, арабтар мен басқаларың! Сендер Алланың оқу да, жазу да білмейтін елшісі Мұхаммедке түсірген Құранға күмән келтіресіңдер. Оны Алланың емес адамның сөзі дейсіңдер. «Қаласақ, мұндай сөздерді өзіміз де айта аламыз» дейсіңдер. Айтқан сөздерің рас болса, қане, соған ұқсас бір ғана сүрені ойдан шығарып көріңдерші. Және сол істеріңде білімді де білікті ғалымдарыңды сондай ақ табынып жүрген құдайларыңды да қоса шақырыңдар. Өздерің арап тілінің қыр-сырын қанық білетін араб бола тұра өздеріңнің тілдеріңде жазылған мұндай көркем тілді, үйлесімді, ақылға қонымды, шариғаты барлық мекенге және заманға сай келетін, ғайыптан хабар беретін дәл мұндай сүре түсіре алмадыңдар, (және болашақта да түсіре алмайсыңдар), ендеше Аллаға және Оның құранына, пайғамбарына иман етіңдер. Тек сонда ғана отыны адамдар мен пұттардан тұратын тозақ отынан сақтана аласыңдар».

 

Бұл аяттар Алла Елшісінің пайғамбарлығына дәлел бола алады. Неге десеңіз,

Біріншіден: Бұл аят иман келтірмегендердің барлығын дәл осындай Құран әкелулері үшін бәске шақыруда. Шақырып қана қоймай, араб тілінің майын ішкен қызыл тілді шешендердің өзіне қәзір де, келешекте де әкеле алмайтындарын алдын-ала айтып, беттеріне басуда. Және бұл бәсеке қияметке дейін жалғаса бермек. Алайда осы уақытқа дейін бірде-бір адам Құран мен сүре тұрмақ үш аят болсын алып келе алмаған. Олар жоқ дегенде тырысып қана көрсе, өздерін күлкіге қалдыратын еді.

 

Екіншіден: Сол Пайғамбарымыздың дәуірінің өзінде мұсылманы болсын, кәпірі болсын оның (с.а.с) орталарында ең ақылды, ойы ең қырағы, мінезі ең көркем  болғанын бір ауыздан мойындайтын. Бұл тұрғыда оған ешкімнің тіл тигізбегеніне тарихтың өзі куә. Ендеше бұл сипаттағы адамның өтірік өзін пайғамбар жариялауы, оның үстіне шешендіктің шыңына жеткен араб қауымын тіл жағынан бәсекеге шақыруы ақылға сыйымсыз əрекет. Алайда бұлай істеген екен, және күнімізге дейін ешкім Құрандай кітап әкеле алмаған екен, демек оның пайғамбарлығына еш күмән келтіруге болмайды.

 

Тəпсірді қазақшаға тəржімалаған: Еркебұлан Сейітжанұлы

 

Ұқсас жазбалар

ОТАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: -ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН ҒАЗИЗ НӘРСЕ ЖОҚ

Yassi.kz

МҰХАРРАМ АЙЫ БАСТАЛДЫ. АШУРА КҮНІ ҚАШАН?

Yassi.kz

Пікір қалдыру