29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Бір аят тәпсірі Мақалалар

Бақара сүресінің 19-аяты

»أَوْ كَصَيِّبٍ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فِيهِ ظُلُمَٰتٌ وَرَعْدٌ وَبَرْقٌ يَجْعَلُونَ أَصَٰبِعَهُمْ فِيۤ آذَانِهِم مِّنَ ٱلصَّوَٰعِقِ حَذَرَ

ٱلْمَوْتِ وٱللَّهُ مُحِيطٌ بِٱلْكَٰفِرِينَ «

 

«Немесе олар түнек қаптап, күн күркіреп, найзағай ойнаған аспаннан құйған дауылды нөсерге тап болған адамдарға ұқсайды. Олар жай отының үрейімен өлімнен қорқып, саусақтарын құлағына тығып алады. Міне, Алла тағала – (шексіз құдіретімен) кәпірлерді осылай құрсаулап, қыспаққа алушы».

 

Нөсердің Алла Тағаланың адамзатқа төккен мейірімінің бір көрінісі екендігі белгілі. Алайда, нөсер төкпес бұрын аспанды қара бұлт қаптап, аздаған қараңғылықтың болуы қалыпты жағдай. Ол күндіз күннің нұрын жапқаны сияқты түнде ай мен жұлдыздардың бетін жауып қалады. Алайда, бұл қараңғылық қорқатұғын нәрсе емес, қайта келер жақсылықтың нышаны іспетті. Негізі олар арқасынан көптеген жақсылық әкелетін табиғаттың бұл құбылысын қуана-қуана қарсы алуы керек еді. Себебі жердің көгеруі жаңбырдың себелеуімен болады. Бірақ ол адамдар жауынның бұл сырына ой жүгіртпей, оның орнына сыртқы көріністеріне ғана мән беріп, «жай отының үрейімен өлімнен қорқып, саусақтарын құлағына тығып алады».

 

Мұнафықтар да дәл осылар сияқты. Нәпсісінің қалауына сабыр ете алмайды. Бір күндік ләззат үшін Алланың құлдарына уәде еткен ақыреттегі шынайы сыйлығын елемейді. Алла жолындағы міндеттерді машақаты көп үлкен жүк санайды. Алайда, ол жүктің өздеріне нендей жақсылық әкелетінін білмейді. Дәл бағанағы жаңбырдың тіршілік көзі екенін ұмытып, оны тек «қараңғылық, қорқынышты найзағай және жағымсыз күннің күркіреуі ғана» деп түсінетін  адамдар тәрізді.

 

Тəпсірді қазақшаға тəржімалаған: Еркебұлан Сейітжанұлы                         

Ұқсас жазбалар

БИСМИЛЛӘҺТЫҢ ҚАСИЕТІ

Yassi.kz

АРЫСТА 200 БҮЛДІРШІНДІ ҚҰТҚАРҒАН БІЗДІҢ БАТЫРЛАР

Yassi.kz

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: – БҰЛ МЕРЕКЕНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР…

Yassi.kz

Пікір қалдыру