18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Бір аят тәпсірі Мақалалар

Бақара сүресінің 13-аяты

»وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُوا كَمَا آمَنَ النَّاسُ قَالُوا أَنُؤْمِنُ كَمَا آمَنَ السُّفَهَاءُ ۗ أَلَا إِنَّهُمْ هُمُ

السُّفَهَاءُ وَلَٰكِن لَّا يَعْلَمُونَ «

 

 

«Сондай-ақ оларға: «Иман келтірген мына ел сияқты сендер де жан-дүниелеріңмен иман келтіріңдер», − делінсе; «Сонда мына ақымақтар иман келтіргендей иман келтіреміз бе?» − дейді. Біліп қойыңдар! Асылында, олардың өздері нағыз ақымақтар, бірақ өздері соны білмейді (өйткені олар – ақиқат пен жалғанның, иман мен күпірліктің, ілім мен қараңғылықтың ара жігін ажырата алмайтын көкірегі соқыр надандар)».

 

Бұл аятта мұнафықтардың (екіжүзділердің) [өз орталарында] «ақымақтар» деп тұрғаны – пақыр (кедей) мұсылмандар. Себебі, мұсылмандардың көпшілігі сол кезде бұлардан кедей болған. Оны арабтың «سَفِيهٌ» «сәфиһ» сөзімен жеткізіп отыр. «سَفِيهٌ» сөзі араб тілінде ойы ұшқалақ, мәселенің парқына бара алмайтын пəтуасыз адамға қолданылады. Олай болса, бұл сипаттың Аллаға жан-дүниесімен иман еткен мұсылмандарға қолданылғаны дұрыс па, жоқ әлде, бұл сипатқа Алланы тани алмай, тек екіжүзділікпен иман етіп жүрген мұнафықтардың өздері лайық па?

Алла Елшісі (с.а.с) және мұсылмандар оларды иманға шақырады. Ал, олар болса иман еттік деп, өздері жеке қалғанда мұсылмандарды ақымыққа балайды. Алайда, барып тұрған ақымақтық пайғамбарлықты танымау. Таныса да, дүниелік мақсатпен мойындамау. Одан өткен ақымақтық – мойындамаймыз деп, өз ұстанымдарын ашық білдіре алмай, өз-өздерін қинап мұсылмандар істеген құлшылықты ниетсіз орындауы. Олардың бұл істеріне еш сауап та болмайды. Қайта екіжүзділіктері үшін кәпірлер көрмеген азапқа душар болады.

 

«Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында»[1].

 

 

Тəпсірді қазақшаға тəржімалаған: Еркебұлан Сейітжанұлы

 

Түркістан облыстық мешітінің наиб-имамы

[1] Ниса сүресі 145

Ұқсас жазбалар

Дін құптарлық дәстүр болса…

Yassi.kz

Адал табыстың маңызы

Yassi.kz

САҢЛАҚ САХАБА: Әбу Мұса әл-Әш’ари

Yassi.kz

Пікір қалдыру