30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Исламдағы отбасы Мақалалар

Бала тәрбиесіне кім жауапты?

Тәрбиенің негізгі бастауы отбасында қаланады. Кез келген ата-ана баласын жамандыққа қимайды, жаман істің иесі болғанын да қаламайды. Әрбір жанұя баласына өзіндік тәрбие береді. Қазіргі уақытта балаларға болмайды деген сөз жанұяда айтылмай қалады-ау, сірә.

Көбіне балалардың материалдық жағдайына көңіл бөлінеді де, ал бірақ рухани тәрбиесіне мән берілмейді. Әйтпесе жастар бізге басқа жақтан келген жоқ. Бүкіл жамандықтың басы жаман дос. Жаман дос – баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың», – деген халқымыздың аталы сөзі бекер айтылмаған. Сондықтан да балалардың бойына жастайынан ізгілік, имандылық, отансүйгіштік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру мен тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады. Демек, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет. Тек сонда ғана осындай теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек.

Ислам дінін бір жақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды. Өйткені, жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан өзге діни ағымдарға кетіп жатқандары немесе исламдағы айтылған хадис мәтіндерінің мағынасын тікелей түсіну арқылы, сауатсыздыққа жол ашып жатқанын қазіргі қоғамда көрініс тауып отырған жағдайлар куә бола алады. Қазіргі кезде осы келеңсіздіктерді болдырмау үшін елімізде атқарылып жатқан шаралар өте көп.

Бүгінгі таңда жастардың діни сауатты маман болуына арналған еліміздегі заманауи оқу үрдісіне сай арнаулы орта білім беретін 9 медресе колледж, сонымен қатар “Нұр-Мүбəрак” Египет ислам мәдениет университеті елдің игілігіне қызмет атқаруда. Сонымен қатар, әр мешіттің жанынан діни сауат ашу курстары да жұмыс істейді. Ал, зайырлы ұстанымға сәйкес Білім және ғылым министірлігінің ұсынысымен мектептерге дінтану пәні де енгізілді. Соның салдарынан жастардың діни сауатын арттыру бір жолға қойылды деп селқос қарауға да болмайды.

Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргідей жастардың діни кітаптарға деген сұранысын интернет қанағаттандырып отырған секілді. Өйткені, ақпарат дамыған сайын адамның кітап оқуға деген қызығушылығы төмендейді. Алайда, осындай түрлі жүйелері бар ғаламтордың кері тұстары болатыны өкінішті. Ғаламтор желісіне қосылған бала өзіне, сабаққа қажетті сайттармен қатар, ақылы ойындарға кіріп кетеді. Міне, бұл сүбелі мәселе болып тұр.

Қазіргі кезде көптеген жастарымыздың ой – пікірі, ізденісі жоқ. Ойланудың да қажеті жоқ. Ғаламторға жазасың, бір мезетте керегіңді тауып береді. Көшіріп жазып, бере саласың. Тіпті, іздеп қиналудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кітап ұстайтын, кітапханаға баратын оқушыларды сирек кездестіреміз. Өйткені, жалқаулық билеп алғаны соншалық, берілген тапсырманы оқудан да қалдық. Бірақ, кітап оқу арқылы да белгілі бір дәрежеде діни сауаттылығымызды арттыруға мол мүмкіндігіміз бар. Себебі, ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды.

Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Ал, кітап оқитын адам мен оқымайтын адамның айырмашылығын тез байқауға болады.

Кітап оқитын адам ақыл – парасат, таным, білім, елмен қарым – қатынас, тіл байлығы, сыпайлығы мен мәдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?», – деп бізді білімді болуға шақырады.

Байқап қарасақ, мұсылмандардың білім – ғылымға жол көрсетушісі – Құран. Құран – адамзаттың тәрбие құралы, өмір сүру ережесі.

Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Біздің мемлекетіміз зайырлы болғанымен дінімізге кең еркіндік беріп жатыр.

Жастарымыз шет мемлекеттерге шығып діни ілім алып, елге келіп, белді қызмет орындарында лауазымды қызметтер атқарып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күрделі әрі қарама – қайшылықтарға толы бұл ғасыр өткен ғасырлардан мүлдем ерекше. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық.

Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Ислам діні ешқашан зорлық – зомбылыққа үндемейді.

Керісінше, Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір хадисінде: «Қолымен де, тілімен де басқаға зиян тигізбеген мұсылман нағыз мұсылман», – деген сөздері дініміздің ізгілікке бастайтынын көрсетеді. Мектепте дін дәрісі жоқ, мешітке ата – анасы жібермейді. Осы кезде бала интернет желісі арқылы дінді үйренуге құлшынады.

Ғаламтор желісі оның негізгі ұстазына, сол ұстазының тәлімі ұстанымына айналады. Қазіргі таңда жат діни ағымдардың жетегіне берілген ақпаратты қабылдау қабілеті жоғары 16 – 30 жас аралығындағы адамдар еріп кетеді.

Ақпараттық технолигия нағыз дамыған заманда неше түрлі әлеуметтік желілер өз әсерін тигізбей қоймайды. Интернет желісінде көп отыратын ол, әрине, жастар.

Бұл заманда бұрынғыдай ел-елді аралап, адастырудың қажеті жоқ. Интернет арқылы жүздесіп, сөйлесулердің өмірдегіден айырмасы шамалы. Сол себепті, әр түрлі сайттар мен атыс – шабысқа қатысты түрлі ойындар, әсіресе, жастардың миын көп зақымдауда. Ғаламторды пайдаланғанда
http://muftyat.kz,
http://Yassi.kz
http://islam. kz
http://muslim.kz
http://patua.kz
http://azan.kz   сайттарынан керекті мағлұматтарды алуға кеңес берген болар едік.

Дана халық «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек», – деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін – алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады.

Асылхан Данияров

Шардара аудандық орталық мешітінің
бас имамы

Ұқсас жазбалар

ОТАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: -ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН ҒАЗИЗ НӘРСЕ ЖОҚ

Yassi.kz

МҰХАРРАМ АЙЫ БАСТАЛДЫ. АШУРА КҮНІ ҚАШАН?

Yassi.kz

Пікір қалдыру