30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Әр түрлі Мақалалар

БИСМИЛЛӘҺТЫҢ ҚАСИЕТІ

Бисмилләһтің толық нұсқасы –
” Бисмилләһир-Рахманир-Рахим”.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:
“Ұстазы балаға Бисмилләһ оқып, бала оны айтқанында, Аллаһу Тағала баланың, анасының, әкесінің және ұстазының жаһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады.” (С. Әбдийә)

“Құран Кәрімнің кілті Бисмилләһ.” (С.Әбдийә)

“Бисмилләһпен желінген тамақ берекелі болады.” (Ибн Мажә)

“Бисмилләһпен басталмаған әр бір маңызды іс кеміс қалады.” (Байһақи)

“Үйге кірерде Бисмилләһ айтылса шайтан ‘ бұл үйге кіруге мүмкіндік жоқ ‘ деп қайтып кетеді.” (Тибйан)

“Амал дәптерінде 700 Бисмилләһ болған адамды Аллаһу Тағала жаһаннамнан шығарады.” (Тағрибус-салат)

“Істі Бисмилләһпен бастаған адамның күнәларі кешіріледі.” (И.Рафии)

“Тамақты Бисмилләһпен жеп, соңында Әлһамдулиллаһ деген адамның, дастархан жиналмай тұрып күнәлары кешіріледі.” (Табарани)

” Қиыншылыққа душар болған адам ‘ БисмилләһирРахманирРахим уә лә хаулә уә лә қууатта иллә билләһил ғалийил ғазийм ‘ десе, әр түрлі қиыншылықтардан құтылыды.” (Дәйләми)

” Бисмилләһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтар қатарынан жазылады.” (Тәрғиб-ус-салат)

” Су ішерде Бисмилләһ айт, біткенде Әлһамдулиллаһ де, және суды үш жұтыммен ішіңдер!” (Ибн Сүнни)

” Тамақ жеуді бастағанда Аллаһу Тағаланың есімін еске алыңдар, яғни Бисмилләһ айтыңдар ! Басында Бисмилләһ айтуды ұмытқан адам, есіне түскенде ‘Бисмилләһи ғала әууәлиһи уә ахириһи десін! ” ( ӘБУ Дауд , Тирмизи, Хаким)

” Тамақ жегенде, демалғанда және түнде жатарда шайтаннан қорғану үшін Бисмилләһ айтыңдар ! ” (Табарани)

” Үйден шығарда ‘ Бисмилләһи тәуәккәлту ғалаАллаһ, лә хаулә уә лә қууата илла Биллаһ’ деп айтқан адам, қәуіптен қорғалады және шайтан одан алыстайды.” (Тирмизи)

‘Йә РасулАллаһ, көп жесекте тоймай жатырмыз, тамақтың берекесі болмай жатыр” деген адамға Пайғамбарымыз ( Аллаһтың ол кісіге игілігі мен сәлемі болсын ) “Тамақты бөлек емес, бірге жеп, Бисмилләһ айтылса, берекелі болады” деп жауап берді. (Ибн Мажә)

Алла Тағала айтылған хадистерге амал етіп, мол сауапқа кенелуді баршамызға нәсіп етсін!

Ұқсас жазбалар

ОТАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Yassi.kz

БАС МҮФТИ: -ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН АСҚАН ҒАЗИЗ НӘРСЕ ЖОҚ

Yassi.kz

МҰХАРРАМ АЙЫ БАСТАЛДЫ. АШУРА КҮНІ ҚАШАН?

Yassi.kz

Пікір қалдыру